Кепілдік шарттары

1. Honor негізгі бұйымға, негізгі бұйымды жеткізу жинағына кіретін батареяға, зарядтағыш құрылғыға, тінтуірге – 12 (он екі) айға, негізгі бұйымды жеткізу жинағына кіретін басқа аксессуарларға (кабельдерді, құлаққаптарды, адаптерлерді қоса алғанда) – 6 (алты) айға кепілдік мерзімін белгілейді. Бұл ретте көрсетілген жинақтауыштарды ауыстыру кезінде оларға жаңа кепілдік мерзімі белгіленбейді. Бұл кепілдік өндірушінің кінәсінен туындаған кемшіліктерге ғана қолданылады. Кепілдік тиісті кепілдік шарттары мен ерекшеліктері бар түпкілікті пайдаланушыға арналған жекелеген лицензиялық келісімдер қолданылатын бағдарламалық жасақтамаға қолданылмайды.

2. Кепілдік мерзімі сатып алу туралы құжат (чек) немесе кепілдік талоны ұсынылған жағдайда тұтынушы жаңа өнімді сатып алған сәттен бастап қолданылады. Сатып алу туралы құжат болмаған жағдайда, кепілдік мерзімі өнім шығарылған күннен бастап жарамды.

3. Өндіруші негізгі бұйымға қызмет ету мерзімін пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда бұйымды дайындаған күннен бастап 3 (үш) жыл деп белгілейді. Өнімнің қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін өндіруші өнімді одан әрі қауіпсіз пайдалану бойынша ұсыныстар алу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласуды ұсынады.

4. Кепілдікті қызмет көрсету келесі жағдайларда жүзеге асырылмайды:

a) егер ақаулық құрылғыны пайдалану ережелерінің бұзылуынан, механикалық зақымданудан, сұйықтықтың, шаңның, жәндіктердің түсуінен, желдетудің дұрыс болмауынан туындаса,

b) егер ақаулық кернеудің ауытқуы нәтижесінде, түпнұсқа емес зарядтағышты пайдаланудан пайда болса,

c) егер ақаулық біліксіз жөндеу, түпнұсқа емес қосалқы бөлшектерді орнату салдарынан туындаса,

d)егер ақаулық бұйымды жеткізу жиынтығына кірмейтін бағдарламалық жасақтаманы орнату немесе зиянды бағдарламалық жасақтаманың (вирустардың) әсер етуі салдарынан туындаса,

e) егер ақаулық қалыпты пайдалану нәтижесінде бұйымның табиғи тозуынан туындаса; табиғи тозу деп, сондай-ақ батареяның сыйымдылығының бастапқы көрсеткіштен 20% шегінде төмендеуі де түсініледі,

f) егер өнімнің сериялық нөмірі өзгертілсе немесе оқылмайтын болса.

5. Өнімді қолданар алдында берілген пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз және оны қатаң орындаңыз.

6. Кепілдік талоны келесі ақпарат дұрыс және нақты көрсетілген жағдайда ғана жарамды: моделі, өнімнің сериялық немесе ИМЕИ-нөмірі, сату күні, сатушының мөрі, сатып алушының қолы. Бұйымның моделі мен сериялық нөмірі кепілдік талонда көрсетілгендерге сәйкес келуі тиіс.

7. Уәкілетті Қызмет көрсету Орталығына хабарласпас бұрын, сақтық көшірме жасаңыз және қол жетімді барлық жеке деректерді жойыңыз, құрылғы бұғаттауларын өшіріңіз. Honor сервистік қызмет көрсету үрдісінде деректердің жоғалуына жауап бермейді.

8. Құрылғыңыздың Honor кепілдік қызметіне жарамдылығын тексеру үшін https://www.honor.com/kz/support/warranty-query/ сілтемесін басыңыз.

Условия гарантии

1. Honor устанавливает гарантийный период на основное изделие и встроенную батарею – 12 (двенадцать) месяцев, на съемную батарею (при наличии) и зарядное устройство, входящие в комплект поставки основного изделия, – 12 (двенадцать) месяцев, на другие аксессуары, входящие в комплект поставки основного изделия (в том числе ремешки, кабели, наушники, переходники), – 6 (шесть) месяца. При этом при замене указанных комплектующих новый гарантийный срок на них не устанавливается. Данная гарантия распространяется только на недостатки, возникшие по вине изготовителя.

2. Гарантийный срок действует с момента приобретения нового изделия потребителем при условии предоставления документа о покупке (чека) или гарантийного талона. В отсутствие документа о покупке гарантийный срок действует с даты изготовления изделия.

3. Изготовитель устанавливает срок службы на основное изделие – 3 (три) года с даты изготовления изделия при условии соблюдения правил эксплуатации. Вне зависимости от сроков, установленных в п.1, по истечении срока службы изделия гарантийный срок прекращает свое действие, и изготовитель рекомендует обратиться в Авторизованный Сервисный Центр для получения рекомендаций по дальнейшей безопасной эксплуатации изделия.

4. Гарантийное обслуживание не осуществляется в следующих случаях:

a. если неисправность возникла из-за нарушений правил пользования изделием, в результате механических повреждений, попадания жидкости, посторонних предметов, веществ, воздействия высоких и низких температур,

b.если неисправность возникла вследствие неквалифицированного ремонта, установки неоригинальных запасных частей,

c. если неисправность возникла вследствие модификации или переустановки предустановленного программного обеспечения,

d. если дефект вызван естественным износом изделия в результате нормальной эксплуатации; под естественным износом также понимается снижение емкости батареи в пределах 20% от первоначальной,

e. если серийный или IМЕI-номер изделия изменены или не читаемы.

5. Перед началом использования изделия изучите прилагаемую инструкцию по эксплуатации и строго следуйте ей.

6. Гарантийный талон действителен только при наличии правильно и четко указанных: модели, серийного или IМЕI-номера изделия, даты продажи, печати фирмы-продавца, подписи покупателя. Модель и серийный номер изделия должны соответствовать указанным в гарантийном талоне.

7. Перед обращением в Авторизованный Сервисный Центр создайте резервную копию и удалите все имеющиеся личные данные, отключите блокировки изделия и осуществите выход из учетной записи Honor. Honor не несет ответственность за утерю данных в процессе сервисного обслуживания.

8.  Для проверки подлежит ли ваше устройство гарантийному обслуживанию Honor – перейдите по ссылке 
https://www.honor.com/kz/support/warranty-query/ .